- Добрый бокс
- Возрастная категория
- Художественная литература
- Развивающая литература
- Научно-популярная литература
- Книги на казахском языке
- Дошкольное обучение и подготовка к школе
- Творчество и досуг
- Обучающие и развивающие игры
- Игры для всей семьи
- Фигурки
- Чтение для родителей
- Подборка по сериям
- Издательства
- Бренды
- Новогодняя книга
Описание
Балақай, жер бетінде ең көп тараған не деп ойлайсың? Дұрыс айтасың, ол – су. Глобусқа немесе картаға қарайықшы, онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Яғни су өте көп деген сөз. Су тіпті бүкіл тіршілік атаулының бойында бар. Судың тағы бір кереметтігі – оның жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі. Осылайша жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді. Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.
Ендеше, кішкентай су тамшысының әлемді аралап, кейде бу болып аспанға ұшқанын, кейде жаңбыр болып жерге жауғанын, қалай сұп-суық мұзға айналғанын өз аузынан естіп көрейік.